Танымал әнші Балжан Бидаш пен продюсер, актер Нұрлан Қоянбаев "Түнгі студия" бағдарламасының жаңа маусымында Елдос Сметовтен сұхбат алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы "Түнгі студия" бағдарламасының күзгі маусымындағы алғашқы түсірілімінде айтылды.
"Ең соңғы рет бұл студияға осыдан бес жыл бұрын қонақ болып келіппін. Он жыл бұрын да Нұрлан Қоянбаев ағамызға сұхбат бергенмін. Енді жүргізуші болып келіп отырмын. Қонақ болып келген, әрине, оңай. Қазір кішкене қобалжып отырмын", - деді Балжан Бидаш бағдарлама басталған бойда.
Балжан Бидаш пен Нұрлан Қоянбаев жүргізген бағдарламада Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов қонақ болған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!