Елдос Қоспаев бастаған қылмыстық топқа қатысты іс жуырда сотқа жіберіледі

Елдос Қоспаев бастаған қылмыстық топқа қатысты іс жуырда сотқа жіберіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов айтты.

"Оған қатысты іс аяқталды. Қазіргі уақытта танысу сатысында. Танысу аяқтала салысымен, іс сотқа жіберіледі", - деді ол Мәжіліс кулуарында.

Еске салайық, бұған дейін Елдос Қоспаев бастаған қылмыстық топтың 7 мүшесі Солтүстік Кипрден Қазақстанға жеткізілгенін хабарлаған едік.

Бұл топ бұған дейін Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторингі агенттігі рейдерлік жасады, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және оған қатысты деген күдікпен халықаралық іздестіруге жариялаған болатын.

Тергеу мәліметтері бойынша, оның мүшелері қорқыту және зорлық-зомбылық жасау арқылы кәсіпкерлердің мүлкін, олардың компаниялардағы үлестерін тартып алған, сондай-ақ, көлеңкелі бизнеспен айналысқан.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз