Асаба, әзілкеш Колобок лақап атымен танылған Елдос Кәдірхановтың әйелі Таңшолпан Шотаева "Әсембике" бағдарламасына берген сұхбатында әлеуметтік желіде өзіне жиі айтылатын хейтке жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Блогер оған әлеуметтік желіде "Елдостан кетіп қалмай жүргенің оның ақшасы үшін екен ғой", "көп келіншек мұндайға шыдамайды, сен Елдостың ақшасы үшін жүрсің" деп жазатындар бар екенін айтты.
"Елдостың ақшасы үшін жүрсің дегендерге айтарым, қазір үй, көлік бәрі бар, жағдайымыз жақсы. Алайда мен Елдосқа ол осындай жағдайда жүргенде келген жоқпын. Біз сонау Таразда 72 кватраттық үйде тұрғанда келін болып түстім және сол үйде тұрдық. Жатын бөлмеміз кішкентай болатын. Ол кезде Елдос - асаба, той бірде бар, бірде жоқ. Той жоқ болса, ақша да жоқ. Ақшамыз болмай, жинақ сандықшадағы соңғы тиынға азық-түлік алған кездеріміз болды. Дүкеннен азық-түлікті қарызға алатынбыз", - деді Таңшолпан Шотаева.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!