ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері Қатон-Қарағай ауданындағы өртке байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, 6 қыркүйекте Қатон-Қарағай ауданында Алтынбел ауылынан 8 шақырым жерде құрғақ шөп өртене бастаған. Өрттің жалпы аумағы - 40 гектар. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.
Өртті сөндірумен 60 адам айналысып жатыр. Одан бөлек, ШҚО ТЖД, орман шаруашылығы мен полицейлердің 5 техникасы жұмылдырылған.
7 қыркүйекте таңғы уақытта орман шаруашылығының тағы 30 қызметкері жұмылдырылды.
Айта кетейік, бүгінде Қостанай облысындағы орман өрті әлі сөндірілмеді. Сонымен қатар, кеше, 6 қыркүйекте Алматыдағы Көктөбе телемұнарасының маңында өрт шыққан болатын. Жалын кешкі уақытта сөндірілді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!