"Елдің ақшасын жеген жоқ, қазақтың жерін сатқан жоқ". Танымал блогер Әбдіжаппар Әлқожаны ақтап алды

Танымал блогер, қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға баспана сыйлап жүрген Ырысбала Икрамбай жақында қамауға алынған Әбдіжаппар Әлқожа туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Біреудің тағына талассаң да, бағына таласа алмайсың! Бағын Алла бұйыртқан, халқы қолдаған бабындағы бала! Әбдіжаппар Әлқожа жүрек-дос сенсіз қиын бізге. Әбдіжаппар - елдің ақшасын жеген жоқ, қазақтың жерін сатқан жоқ. Ешкімнің нанын тартып, несібесін ортайтқан жоқ. Өз несібесін көптің қуанышында адалынан теріп жүрген азамат!", - деп жазды блогер әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Естеріңізге сала кетейік, жақында әнші Әбдіжаппар Әлқожа мен Қайрат Нұртас құқықбұзушылық жасағаны үшін қамауға алынған болатын.

 

 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!