- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Елдегі саяси жағдай...
"Елдегі саяси жағдай шиеленісе түседі". Астролог мамыр айына болжам жасады
Әр айдың өзіне тән сипаты бар екені көпшілікке белгілі. Ал мамыр айы қандай болады? Қазақстандық астролог Александра Обыскалова Massaget.kz тілшісі мамырда деннің саулығын сақтау үшін қандай ағзаға көңіл бөлу қажет екенін, ай қай кәсіп үшін сәтті болатынын айтып берді.
Мамыр 2024 қандай болады?
Маманның айтуынша, Ба Цзы тұрғысынан мамыр Қытай күнтізбесінің бірінші жаз айы, өрт маусымының басталуы. Мамырда жағымды эмоция, қуаныш пен оптимизм күтіледі.
"Мамырдың өзі өте серпінді ай, өйткені жылан саяхатшы жылқылар санатына жатады. Бұл барлық процесті жеделдететін және белгілі бір динамика беретін жануарлар тобы болғандықтан, адамдар шығармашылыққа, жаңа ашылуларға, қалаған істі жүзеге асыруға бет б9рады. Сонымен қатар, бұл депрессияға ұшыраған адамдар үшін оң әсер етеді. Жылан барлық процестің көрермені, сондықтан алдағы іс-әрекетті жоспарлап, мүмкіндіктерді пайдалану өте маңызды. Көбірек серуендеуге, жаттығуға, іс-шараларға қатысуға, кейінге қалдырып жүрген істеріңізді қайта қолға алуға тырысу қажет. Сонымен қатар, материалдық жағынан да армандаған дұрыс, өйткені мамыр ақша табуға, кез-келген істі түзетуге, жұмыста жоғарылауға, жоғары материалдық деңгей қоюға мүмкіндік береді. Мамырда табысыңызды арттырып, мәртебеңізді көтеру мүмкіндігі бар, бұл қосымша сыйлықақы немесе жобадан түскен пайда болуы мүмкін", - деді маман.
Мамырда деннің саулығын сақтау үшін қандай ағзаға көңіл бөлу қажет?
Жылан от пен жер жыланын бейнелейтіндіктен, мамырда асқазан-ішек жолдарының аурулары бар адамдарға қиын болуы мүмкін. Бұдан бөлек, түрлі жарақаты бар, буындардың созылуымен байланысты мәселелер өршіп, көптеген адамды бас ауру мен тамырға қатысты ауырсынулар мазалайды.
"Мамырда деннің саулығына аса ден қойып, атап айтқанда, артық салмақтан сақтанудың жолдын іздеген жөн. Яғни, денсаулықты қалыпқа келтіру және ауыр салдардың алдын алу үшін белсенді спорт түрлерімен айналысу қажет, өйткені жер элементі көптеген адамның артық салмақ жинауына әсер етеді. Сондай-ақ, от элементі өз іс-әрекеттеріне импульсивтілік әкеледі. Осыған байланысты жүйке жүйесінің, жүрек, жүрек-қантамыр жүйесінің күйін бақылау өте маңызды, тіпті кейбір адамдар міндетті түрде тексерілгені дұрыс. Жылан саяхатшы жылқылар санатына жататындықтан, көптеген адам, әсіресе шошқа жылы туғандар абай болғаны абзал. Олар жарақат алуға әкеп соқтыратын әртүрлі мәселелерге тап болуы мүмкін. Мейлінше, жолға шыққанда және электр қуатымен жұмыс істегенде абай болуы керек. Сондықтан денсаулыққа қатысты өте мұқият болу керек", - деді маман.
Мамыр Қазақстандағы қандай кәсіп түрлері үшін сәтті ай болмақ?
Астролог Қазақстанда мамырда жылжымайтын мүлік саласында белгілі бір тоқырауы болуы мүмкін екенін ескертті. Оған қоса, валюта бағамы да айтарлықтай өзгеруі әбден мүмкін.
"Мамырда адамдар өзін жақсы жағынан көрсете алатын, жолын ашатын жобаларға көбірек қатысқаны дұрыс. Өзін басқаларға көрсете алатындай етіп көпшілік алдында сөйлеуден қорықпай, сыртқы келбетіне назар аударғаны абзал.
Сондай-ақ, мұнай-газ саласына оң және теріс жағынан қандай да бір өзгерістер болуы мүмкін, өйткені біз валюта бағамына байланысты боламыз. Қазір акция немесе криптовалюталарға инвестиция салу үшін қолайсыз уақыт. Салаларды дамыту тұрғысынан маркетингке, PR бағыттарына назар аударған жөн. Егер сіз кәсіп иесі болсаңыз, кәсібіңізге көбірек жарнама беріп, нарыққа таныстыруға қолайлы ай болмақ", - деді Александра Обыскалова.
Мамырда елдегі саяси жағдай қандай болады?
Маманның айтуынша, мамырда елдегі саяси жағдай шиеленісе түседі.
"Елімізде түрлі дау тууы мүмкін, өйткені Қазақстанның белгілі бір аймақтарында өрт болып, бұл әртүрлі салалардағы басшылардың, лауазымды тұлғалардың ауысуына ықпал етеді.
Сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жаңа заңдар қабылдануы мүмкін. Бұдан бөлек, адамдар өзгерісті көптен күткен салаға қатысты да жаңа заң қабылдануы немесе кейбір ережелер мен шараларды қатаңдауы ықтимал. Мамыр өзге мемлекеттермен келіссөздері арқылы да есте қалады, бұл айда жаңа уағдаластықтар, жаңа шарттар, Қазақстан нарығындағы жаңа ойыншылар пайда болады", - деді ол.
View this post on Instagram
Мамырдағы қауіпті күндер
Александра Обыскалова мамырдың ең қолайсыз күндерін де тізді.
- 14 мамыр - кейбір арнайы іс-шара, жобаларға және жөндеу жұмыстары жүргізуге қолайсыз күн;
- 16 мамыр - жабылу күні, сондықтан бұл күні қалаған нәтижеге қол жеткізу өте қиын болады;
- 22 мамыр - қауіпті күн, өйткені әртүрлі оқиғалар болуы мүмкін.
"Адамдарға үйде қалуға немесе белсенді спортпен шұғылданбауға кеңес беремін", - дейді маман.
- 23 мамыр - бұл жасаған іс-әрекет үшін ең аз нәтиже беретін күн;
- 28 мамыр - жабылу күні, энергия өте аз.
"Мамыр 1 маусымда аяқталатындықтан, 3-4 маусым да мамырға жатады, бұл күндер маңызды істерді жоспарлауға өте қолайлы", - деп қорытындылады маман.
Тағы да оқи отырыңыздар: М. Шаханов «Нарынқұм зауалы» шығармасы арқылы қандай идеяны негіздейді?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә