Елдегі көмір бағасы тұрақты болсын: Бектенов әкімдерге тапсырма берді

Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов 2024 жылдың 8 қазанында үкімет отырысында елдегі жылыту маусымына дайындық туралы пікір білдірді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол барлық қажетті шаралар қабылданып, жылыту жүйелері толық дайын екенін айтты. Өңірлердің әкімдеріне жылу беру маусымының барлық мәселелерін жеке бақылауда ұстау тапсырылды. Ал энергетика және ұлттық экономика министрліктеріне "инвестицияларға айырбас тариф" бағдарламасы аясындағы міндеттемелердің орындалуын бақылауды күшейту жүктелді.

"Үлкен жұмыс атқарылды. Оны бөлінген қаржы көлемінен де, жүргізілген жұмыс ауқымынан да байқауға болады. Көмірді вагондармен тасымалдауға басымдық беру қажет. Тұрғындар көмірді тұрақты бағамен сатып алуы үшін ешқандай қиындықтар болмауы керек, – деп атап өтті Олжас Бектенов. 

Үкіметтің баспасөз қызметі

Бүгінгі таңда еліміздің бірқатар облыстарында жылу көздерінің резервтік жабдықтарында жөндеу жұмыстары жалғасуда, жоспарлы жобалар іске асырылып жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!