- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Елдегі электр станцияларында...
Елдегі электр станцияларында 3,3 млн тонна көмір қоры жиналған
Елдегі электр станцияларында 3,3 млн тонна көмір мен 121 мың тонна мазут қоры жиналған. Бұл күзден тарылмай, қыстан қысылмай шығуға жеткілікті. Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Үкімет отырысының қорытындысына арналған брифингте осылай мәлімдеді.
Қыркүйектің бел ортасына дейін 9 энергетикалық блок, 56 қазандыққа күрделі жөндеу жүргізілген.
Қазіргі уақытта қосымша 26 қазандықтың кем-кетігі қалпына келтіріліп жатыр. Дегенмен, Семей, Теміртау, Шымкент қалаларындағы жағдай жылумен қамту жұмыстарына кедергі келтіріп отыр. Өйткені, бірінде тұтынушылардың «Жылу коммуналдық энерго» кәсіпорнына қарызы шаш-етектен. Екіншісінде қазандықты жөндеу материалдары кеш жеткізілген. Министр жағдайды жіті бақылауда ұстайтынын жеткізді.
Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі: - Тұтынушылардан олар толығымен тарифте қарастырылған болған соң, толығымен сол қаржыны алады, бірақ мына жаққа төлеу керек. Соны тиісті әкімдер бақылауда ұстауы керек. Біз қадағалау жасап отырмыз. Оларға бүгін тағы да мәлімет жіберіп отырмыз Премьер-Министр арқылы. Олар осы мәселеде шара қолдануы керек.
Дереккөз: 24.kz
T. Кіршібаев