Қазақстандағы электр энергиясының тапшылығы жыл өткен сайын күшейіп келеді. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың мәліметінше, қазіргі уақытта жүктемелердің ең жоғары сағаттарында тапшылық 2 ГВт-қа жетіп отыр. Егер тиісті шаралар қолданылмаса, 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 7 ГВт-қа дейін артуы мүмкін, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Біз 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша міндеттемелер қабылдадық. Сондықтан ескі көмір қуатынан дәйекті түрде кету сөзсіз екенін түсіну керек", – деп атап өтті Роман Скляр.
Премьер-Министрдің пікірінше, осыған байланысты жеке атом электр станциясын салу жалғыз қолайлы нұсқа болып саналады.
"Референдум өткізілді. Халық дауыс берді. Нәтижелері белгілі. Әлемде 415 ядролық реактор жұмыс істеп тұрғанын атап өткім келеді. Тағы 62-і құрылыс кезеңінде. Ал 2050 жылға қарай атом энергиясын пайдалану үш есе артады деп болжануда. Сондықтан атом станциясын салу туралы шешім тек қажеттіліктен ғана емес, бейбіт атомды пайдаланудың әлемдік үрдістерінен де туындап отыр", – деп пікір білдірді бірінші вице-премьер.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз