Қазақстанда үй маңындағы дүкендердегі бағаға бақылау күшейеді. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 15% сауда үстемесін бақылауды күшейтуге көшеміз. Сонымен қатар, тиімді басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік беретін ӘМАТ бағасын талдау модулі іске асырылып жатыр", - деді сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.
Сонымен қатар, Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек алушыларға азық-түлік ваучерлерін ұсыну бойынша пилоттық жоба іске қосылады. Ваучер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын үстеме бағасыз сатып алуға мүмкіндік береді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!