Елде ХҚКО-ның жұмыс уақыты қысқарды

Елде ХҚКО-ның жұмыс уақыты қысқарды
Фото: informburo.kz

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың көбеюіне байланысты каратин шаралары күшейтілді.

Қоғамдық тамақтану орындары, азық-түлік тауарлары мен киім-кешек сататын дүкендердің жұмыс уақыты қысқарды. Бұлардың арасында Халыққа қызмет көрсету орталықтары да бар.

Елдің бас санитарының шешіміне сәйкес, 13 аймақта – Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл облысы, Алматы мен Шымкент қалаларында ХҚКО-ның жұмыс уақыты қысқартылды.

- "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының фронт-кеңселері ашық, қызметкерлері дәрігерлер мен полицейлер, банк мамандары сынды ел азаматтарымен тікелей байланыста отыр. Сондықтан азаматтардың сақтық шараларын ұстанып, онлайн қызметтерге жүгінгені абзал, - деп хабарлайды мемкорпорация.

 

Қ. Слямбек