Елде алғаш рет азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа жетті

Қазақстанда алғаш рет азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жаңа жылдық құттықтау сөзінде мәлімдеді. Сондай-ақ Президент былтыр ел есінде қалған айтулы оқиғалар мен жетістіктерге тоқталып, биыл ерекше көңіл бөлінетін жайттарды хабарлады.

Соның ішінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Абайдың 180 жылдық мерейтойын және Ата Заңымыз бен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойларын жоғары деңгейде өткізу керектігін атап өтті.

Одан бөлек, биыл "Жұмысшы мамандықтар жылы" болып жарияланды. Бұл - еңбек адамдарына ерекше құрмет көрсетіледі деген сөз. Яғни отаншылдық пен еңбекқорлыққа және біліктілікке ерекше мән беріледі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!