2023 жылдың үшінші тоқсанында елдегі қызметкерлердің жалақысы 350,5 мың теңге болды. Бұл былтырмен салыстырғанда 16,9 пайызға көп. Инфляцияны ескере келе нақты өсім 3,5 пайыз болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі finprom.kz сайтына сілтеме жасап.
Былтыр осы кезеңде елдегі орташа айлық жалақы 299,8 мың теңге болған.
Аймақтар бойынша, ең жоғары орташа айлық жалақы Атырау облысының тұрғындарында болып шықты: 602,4 мың теңге.
Көшбасшы аймақтардың бірінде Маңғыстау облысы (519,1 мың теңге) және Ұлытау облысы (471,3 мың) бар.
Ең аз жалақы Түркістан облысының тұрғындарында - 248,9 мың теңге. Аутсайдерлер үштігінде Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстары да бар.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!