Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримовтің қайтыс болуына байланысты Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Нигматилла Юлдашевке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Елбасы өзбек еліне...
Елбасы өзбек еліне көңіл айтты
Мемлекет басшысы Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Абдуганиевич Каримовтің дүниеден өткені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағанын айтқан.
- Қазақстандықтар бұл мезгілсіз әрі орны толмас қазаның ауыртпалығын бауырлас Өзбекстан халқымен бірге бөліседі. 30 жылдай қанаттаса жұмыс істеген досымнан айрылғаныма қайғырамын», – делінген көңіл айту жеделхатында.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев елдің экономикалық әлеуетінің дамуына, оның халықаралық беделінің өсуіне, қоғамның әл-ауқатының артуына ықпал еткен ауқымды өзгерістердің жүзеге асырылуы Өзбекстан Республикасы тәуелсіздігінің бастауында тұрған Ислам Каримовтің есімімен байланысты екенін атап өтті.
- Ол өзінің бүкіл өмірін туған халқына қалтқысыз қызмет етуге арнады, әрдайым Қазақстанның сенімді досы болды және біздің халықтарымыздың арасында достық пен тату көршіліктің нығая түсуіне үлкен үлес қосты», – делінген жеделхатта.
Соңында Қазақстан Президенті Ислам Абдуганиевич Каримовтің туыстары мен жақындарына және елдің басшылығы мен бауырлас Өзбекстан халқына қатты қайғырып көңіл айтты.
Дереккөз: baq.kz
О. Сансызбай