Қазақстан Президенті «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедті қабылдады, - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Елбасы мемлекет құрудың бастапқы кезеңінен бергі даму жолында «Нұр Отан» партиясының атқарған рөлі мен еңбегіне тоқталды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне партияның белсене атсалысып келе жатқанын, оның халық алдындағы беделінің және этносаралық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесінің зор екенін атап өтті.
М.Құл-Мұхаммед Нұрсұлтан Назарбаевқа партияның мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысын бақылау жөніндегі жұмысы туралы да баяндады.
Қазақстан Президенті кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.