Назарбаев латын негізіндегі қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын бекітті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың Баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, № 50-51-52, 326-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: аталған Жарлықпен бекітілген латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, - делінген қаулыда. Байқағандарыңыздай, жаңа үлгіде апострофтар енгізілмеген және диакритикалық белгілер бар. Ш, Ч, Ә, Ғ, Ң, Ө, Ү, У латын қарпіндегіжазылуы өзгерген. Осыған дейін Қазақстан Ғалымдар одағының мүшелері 2017 жылдың 26 қазанындағықазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы жарлыққа қатысты ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ашық хат жолдаған болатын.