- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Елбасы: Жастар –...
Елбасы: Жастар – мемлекет дамуының бастауы
Тәуелсіздік – халқымызға берілген үлкен сый. Жастар білім мен ғылым қуып, тәуелсіздігін сақтаудың жолынан таймауы тиіс. Осылай деді Елбасы Н.Назарбаев «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты онлайн форматта өткен республикалық жастар форумында.
"30 жыл халқымыз үшін тарихи белес. Тәуелсіздік жылдары біз дамыған елдермен терезесі тең, бәсекеге қабілетті жаңа буын тәрбиеледік. Жастар – қоғамның ең белсенді, мобильді тобы. Қай заманды алып қарасақ та, жастар тарихи бастаманың қозғаушы күші болып алға ұмтылған. Жастар – кез келген елдің бақуатты ғұмырының бастауы", - деді Елбасы.
Сөз барысында Елбасы жастарға үлке сенім мен мұрат артанынын атап өтті.
"Жастардың жігері мен күш-қуаты елді болашаққа бастар қайнар күш. Туымызды биік ұстайтын, ұлтымызды ұлы мұраттарға бастайтын сол тәуелсіздік ұрпақтары, сендерсіңдер. Қазіргі Қазақстанның алдында тұрған мақсаты – әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу. Жастар, осы міндетті жалғастырушы сендерсіңдер", - деді Назарбаев.
Елбасы біз текті халықтың ұрпағы екенін айтты.
"Қанымызда қайсарлық, бойымызда батырлық, жүрегімізде жылулық бар. Осы орайда Алаш қайраткерлерінің осы бір ойы ойыма оралып отыр. "Біз бай, білімді әрі күшті болуымыз керек. Бай болу үшін кәсіп, білімді болу үшін оқу керек, ал күшті болу үшін елдің бірлігі керек. Береке, бірлік барда алынбайтын асу, бағынбайтын белес жоқ". Халқымызлың ұлы жеңістерінің барлығына татулық пен бірліктің арқасында қол жеткіздік. Әлі де алға қойған асқақ армандарымыз, биік мақсаттарымыз көп. Жастарды озық 30 елдің қатарына қосу - баршамыздың ортақ мақсатымыз. Осы орайда жастарға зор үміт артамын",- деді ол.
Қ. Слямбек