Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы EXPO-2017 көрме орталығындағы "Нұр Әлем" павильонында өтіп жатқан Жастар жылының ашылу салтанатына қатысып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Іс-шара алдында Президент "Жас қазақстандықтардың жобасы" көрмесіне барып қайтты.
Салтанатты іс-шараға жастардың барлық санатының өкілі қатысуда: актерлер мен орындаушылар, "Қазақстандағы 100 жаңа есім" байқауының қатысушылары, "Болашақ" түлектері, жас ғалымдар мен әскери қызметкерлер, балалар үйінің тәрбиеленушілері, спортшылар мен дарынды балалар қатысты. Қонақтардың ішінде әнші Димаш Құдайберген, актриса Құралай Анарбекова, шахматшы Жансая Әбдімәлік және тағы басқалары бар. Сондай-ақ, форумға Қазақстанға алғаш рет "Көшпенділер" деректі фильмінің таныстырылымына келген белгілі бүркітшкі қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы келеді деп жоспарланып отыр.
Еске салайық, Нұрсұлтан Назарбаев жастарды кешенді қолдау мақсатында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялаған болатын. Сондай-ақ ресми логотипі де бекітілді.