- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Елбасы интернетте жасырын...
Елбасы интернетте жасырын пікір жазуға тыйым салатын заңға қол қойды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Заң жобасындағы түзетулерге сәйкес, 2018 жылдан бастап интернет қолданушылары қазақстандық ресурстарға жасырын пікір (аноним) жазып қалдыра алмайды. Сайт иесі электронды үкімет порталы немесе SMS арқылы идентификациялау туралы келісімге жасауға міндеттейді.
- Мемлекет басшысы ақпарат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіруге бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - делінген хабарламада.
ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, заңға түзетулер көпшілікке тіл тигізетін және ұлтараздық пен дінараздық тудыратын пікірлердің көбейіп кеткеніне байланысты қолға алынып отыр.
Заңның мәтіні жақын уақытта баспасөзде жарияланады.
О. Сансызбай