Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауын жариялайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтынасілтеме жасап. - Биыл 5 қазанда Нұрсұлтан Назарбаев Ақорда резиденциясында Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауын жариялайды, - делінген хабарламада. Жолдау еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналады.