Елбасы ертең Қазақстан халқына арналған Жолдауын жариялайды

Елбасы ертең Қазақстан халқына арналған Жолдауын жариялайды
Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауын жариялайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.   

- Биыл 5 қазанда Нұрсұлтан Назарбаев Ақорда резиденциясында Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауын жариялайды, - делінген хабарламада.

Жолдау еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналады.

О. Сансызбай