Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада жаңа Мұз сарайында болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Біз бүгін қоғам үшін маңызды тағы бір нысанды ашып отырмыз. Мұны үлкен Мұз сарайы деп атауға болады. Бұл 11 мың адамға арналған әлемдік деңгейдегі, олимпиадалық деңгейдегі стадион. Іскерлік аренасы, хоккей академиясы, 50 метрлік олимпиадалық бассейн, көркем жүзуге арналған бассейн, яғни үлкен кешен", - деді Назарбаев тілшілерге.
Жаңа нысанға келген кезде Нұрсұлтан Назарбаевқа кішігірім мұзды шоу қойылды. Оны "Барыс" ХК-ның жас тәрбеленушілері көрсетті. Қойылымда Қазақстан хоккейінің қазірге дейінгі дамуы бейнеленді.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы "Барыс" хоккей клубының фирмалық дүкеніне де барды. Дүкен Мұз сарайының бірінші қабатында орналасқан. Онда клубтың символдары бейнеленген заттар қойылды: киім, естелік заттар.
Айта кетейік, бұған дейін Vesti.kz порталы хабарлағандай, 9 тамызда жаңа Мұз сарайында хоккейден Қазақстан Президенті Кубогының турнирі басталады. Турнирге "Барыстан" бөлек Ресейдің бірқатар клубтары - Новокузнецк қаласынан "Металлург", Ханты-Мансийсктен "Югра" және владивостоктық "Адмирал" қатысады. Кездесулер кестесімен мына жерден таныса аласыздар.