"Халық" Қайырымдылық Қоры "Ел тірегі – ЕЛБАСЫ" желтоқсан акциясының қорытындысын шығарды. Қор Қазақстан бойынша аз қамтылған отбасыларға 520 млн теңгеге 20 мың азық-түлік себетін (1 млн кг азық-түлік өнімі) ұсынды.
"Ел тірегі – ЕЛБАСЫ" акциясы 2020 жылдан бері өткізіліп келеді және қазіргі таңда халыққа танымал болды. Желтоқсан айында Қазақстан Республикасы бойынша "Халық" Қоры акциясының кезекті толқыны өтті, 1000-нан астам еріктілер себеттерді алушыларға жеткізуге атсалысты. Қиын қаржылық жағдайдағы тап болған әрбір отбасы күріш, қарақұмық, ұн, макарон, өсімдік майы, бұқтырылған ет, қант, шай және жаңа жылдық тәттілерден тұратын салмағы 50 кг азық-түлік себетін алды.
Қордың атынан отбасыларға жүйелі түрде азық-түлік көмегі көрсетілді - қиын жағдайдағы адамдар тұрақты қолдауды сезіне алды.
"Халық" Қайырымдылық Қоры шын мәнінде ауқымды қайырымдылық акциясын жүзеге асырды. Қордың өте қажет және өзекті бастамасы арқасында аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балалы отбасыларға қажетті көмек көрсетілді. Біз бүкіл елдегі адамдарға көмектесетін пікірлестердің үлкен командасының бір бөлігі болғанымызды мақтан тұтамыз", - дейді еріктілер.
Қордың қайырымдылық акциясына келесі танымал меценаттар мен компаниялар қолдау көрсетті: Қайрат Боранбаев ("Алмалы холдингі"), "Қамқор Менеджмент" ЖШС компаниялар тобы, Кеңес Ракишев, "AYALA" қайырымдылық қоры, Eurasian Resources Group компаниясы, Қазақмыс тобы және "Сәтті Жұлдыз" Ұлттық лотереясы.
"Қазақстан бойынша мұқтаж жанұяларын қамту арқасында "Ел тірегі – ЕЛБАСЫ" акциясы "Халық" қорының "визиттік карточкасына" айналды. Акцияға үнемі қолдау көрсетіп жүрген бизнес өкілдері мен еріктілерге тағы да алғысымызды білдіреміз, оларсыз біз мұндай ауқымға қол жеткізе алмас едік. Келе жатқан Жаңа жылда баршаңызға зор денсаулық, бақыт, қуаныш пен береке тілейміз! Шаңырақтарыңызда әрқашан өзара түсіністік, махаббат пен береке орнасын!" - деп хабарланады "Халық" ҚҚ Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Динара Кулибаеваның үндеуінде.