- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ел тірегі –...
"Ел тірегі – Елбасы" акциясын танымал бизнесмендер мен компаниялар қолдады
"Халық" қоры 20 наурыздан бастап Қазақстанда аз қамтылған, көпбалалы, сондай-ақ ерекше күтімді қажет ететін балалары бар отбасыларды азық-түлікпен қолдау бойынша "Ел тірегі – Елбасы" атты қайырымдылық акциясын бастағаны белгілі.
Акцияға еліміздің танымал меценаттары – Қайрат Боранбаев, Данияр Әбілғазин, Диас Сүлейменов, Кеңес Рақышев, "Сәтті Жұлдыз" Ұлттық лотереясы және "AYALA" қайырымдылық қоры қолдау білдіріп, еліміздің ең шалғай аудандарындағы отбасыларға 5000 азық-түлік жиынтығы жеткізіледі. Әр отбасына күріш, қарақұмық, ұн, макарон, өсімдік майы, бұқтырылған ет, қант, шай және кәмпит сияқты ең қажетті деген заттардан жинақталған әрбірінің салмағы 50 кг-нан асатын жалпы саны 20 000-нан астам 1 миллион кг азық-түлік себеті жинақталды.
Азық-түлік себеттері өңірлік әкімдіктер ұсынған тізімдерге сәйкес аз қамтылған, көпбалалы, ерекше күтімді қажет ететін балалары бар, сондай-ақ COVID-19 пандемиясының және онымен байланысты карантиндік шаралардың салдарынан материалдық қиындыққа тап болған отбасыларға бөлінеді.
"Халық" қайырымдылық қоры бұл акцияны бірнеше рет өткізуді жоспарлап отыр. Осыған орай, бизнес өкілдерін күш біріктіруге және "Ел тірегі-Елбасы" акциясына қосылуға шақырады. Еліміздің амандығы – әрқайсымыздың жауапкершілігімізде!
Т. Есқали