- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ел аумағында өте...
Ел аумағында өте сирек кездеседі: "Қазгидромет" солтүстіктегі ерекше құбылыс туралы айтты
Солтүстік Қазақстан облысында ауыл тұрғындары өте ерекше табиғи құбылысты байқады. Облыстың көптеген ауданындағы ауыл тұрғындары солтүстік жарықты аңғарған болатын. "Қазгидромет" өкілдері ерекше құбылысқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазгидромет" РМК Қазақстан тұрғындарын 2023 жылғы 5-6 қарашаға қараған түні республиканың солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында полярлық шұғыланың байқалғанын хабарлады.
"Полярлық шұғыланы күннен бөлінген зарядталған бөлшектер атмосфераның жоғарғы қабаттарындағы сирек газдарға әсер еткенде байқауға болады. Солтүстік шұғыла-геомагниттік белсенділіктің салдары. Бұл метеорологиялық құбылыс біздің ендіктерімізге тән емес және ел аумағында өте сирек кездеседі", - дейді ведомство өкілдері.
Еске салайық, Петропавловск.kz басылымының мәліметінше, аспандағы түрлі-түсті жарық аномалиясы кейбір жерлерде әрең байқалса, ал кейбір жерлерде өте анық көрінген. Бұл құбылысты солтүстік қазақстандықтардың көпшілігі тек суреттерден көрген, өйткені Қазақстан үшін бұл - таңғаларлық құбылыс.
Аққайың ауданы Тоқаш ауылының тұрғындары да бұл құбылысты көрген.
Тіпті Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігіндегі Ғабит Мүсірепов ауданының Чистополье ауылында солтүстік жарық қараңғы аспанда айқын көрініпті.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина