Сенбі, 18 наурызда Эквадор жағалауында 6,9 балдық жер сілкінісі болды, қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жер сілкінісі 10 шақырымнан аса тереңдікте болған. Дүмпулер Гуаякильден, Мачаладан және көршілес Перудан алыс сезілді. Эквадор геофизикалық институты 44 шақырым тереңдікте 6,5 баллдық жер сілкінісінің магнитудасын анықтады.
Гуаякильде бірнеше аудан жарықсыз қалған. Соңғы мәліметтер бойынша, зілзала салдарынан қаза тапқандар саны 13-ке жеткен. Он шақты ғимарат қираған. 126 адам зардап шеккен.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!