- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Балалы болу
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Танымал әнші Өмірқұл Айниязов "Менің өмірім" бағдарламасына берген сұхбатында жұрт білмейтін сырын ашты. Әншінің жары кенже ұлын ЭКҰ арқылы көтерген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгінде өнер иесінің 3 перзенті бар. Тұңғышы Нұртуған, араға 21 жыл салып қызы Айсезім дүниеге келеді, ол кезде әнші 43 жаста, ал кенже ұлы Айсұлтан дүние есігін ашқанда 45 жаста болған, екі күннен кейін 46 жасқа толған. Осы жасында келіні немересін босанған.
"Бала деген әркім үшін де үлкен бақыт, қуаныш. Біз баланы 21 жыл күттік, бұл кішкене жоғарыдан келген сынақ шығар деп ойлаймын. Ол кезде де біз ұзақ жүрдік, емделдік, оталар жасалды, күйзелістен өттік. Бірақ енді жеңгең екеуміз осының бәріне шыдап, әуелі алла, одан кейін дәрігерлердің арқасында балалы болу ұзақ жол болды. Бұл қуанышты сөзбен айтып жеткізу қиын. Айсезім дүниеге келгенде қуанғаным соншалық, осы қызымның өзі бақытым үшін жеткілікті деп ойлағанмын, бірақ алланың берері мен айтқаны болады, артынан Айсұлтанды берді. Бұл мен үшін екі есе қуаныш. Осы соңғы 3 жыл аралығында уақыт балаларыммен өтіп жатыр. Артынан немере келді. Сонымен біздің шаңырағымызға 3 жылда бас-аяғы 3 сәби келді", - деді өнер иесі.
Өнер иесі екі перзенті де ЭКҰ арқасында дүниеге келгенін айтты.
"Бұл ақпаратты ешқашан жасырған емеспін. Қызым Айсезім ЭКҰ арқылы дүниеге келді. Бұл да біз үшін оңай болған жоқ. Адамдар "ЭКҰ барса, бірден бола кетеді" деп ойлайды, ол да үлкен шаруа. Ол кезде де біз 5-6 жылдай жүрдік. Түрлі жағдай болды, оталар жасалды. Әйелім екеуін де ЭКҰ арқылы көтерді, дәрігерлерге рақмет айтамыз", - деді әнші.
Айта кетейік, бұған дейін әншінің жары сәби күтіп жүргені хабарланған болатын. Кейінірек Өмірқұл Айниязов әке атанғанын хабарлап, жұрттан сүйінші сұрады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә