ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатын мемлекеттердің саны жоспарланғаннан асып түсті

ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатын мемлекеттердің саны жоспарланғаннан асып түсті
Фото: kaztv.old3.kaztrk.kz

101 мемлекет «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысатындығын растады.

 Айта кету керек, бұған дейін көрмеге қатысатындығын Бразиялия растап, 99-шы қатысушы мемлекет атанған болатын. 

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Қоғаммен байланыс департаментінің мәліметінше, көрменің стратегиялық құжатында Көрмеге 100 мемлекет қатысатындығы көрсетілген. Украина өзінің қатысуын нақтылаған жүзінші ел болды. Тізімді Доминикан Республикасы жалғастырды.

Бүгінгі таңда қатысу туралы шартқа 68 ел қол қойды және 87-і өздерінің комиссарларын тағайындады, бұдан басқа 18 халықаралық ұйым халықаралық шараға қатысатынын растады.

Стандартты процедура бірнеше кезеңде өтетінін айта кету керек: қатысуды нақтылау, комиссарды тағайындау және қатысу шартына қол қою.

Қазан айында халықаралық павильондар қатысушы елдерге берілетін болады. Халықаралық мамандандырылған көрме Астана қаласында 2017 жылғы 10 маусым-10 қыркүйек аралығында өтеді. Шамамен 2 миллион адам келіп, олар көрме нысандарына 5 миллион рет кіреді деп болжанып отыр.

Дерек көзі: bnews.kz

B. ZHAQSYMBET