- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ЭКСПО-2017 көрмесінде 2...
ЭКСПО-2017 көрмесінде 2 орталықтың жұмысы іске қосылды
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Аккредиттеу орталығының және ЭКСПО-2017 көрмесінің қатысушыларына Бірыңғай қызмет көрсету орталығының тұсаукесерін өткізді, - деп хабарлады «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» Акционерлік қоғамының баспасөз қызметі хабарлады.
Іс-шараны өткізудің бас кезінде БАҚ назарына Көрме қатысушыларына Бірыңғай қызмет көрсету орталығы ұсынылды. Сервистік қызмет көрсету департаментінің директоры Дияс Азбергенов Орталықтың функционалдық мүмкіндіктері туралы толық айтып берді.
«Бір терезе» принципі бойынша жұмыс жасайтын Бірыңғай қызмет көрсету орталығын (бұдан әрі БҚО) ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің ұйымдастырушысы ресми қатысушыларға, секция комиссарларының кеңселеріне және олардың штаттық қызметкерлеріне қызмет көрсету үшін құрды. Орталықта мемлекеттік және басқа қызметтердің тиісті түрлеріне уақытылы және тиімді көрсететін мемлекеттік органдардың және басқа ұйымдардың өкілдері (ішкі істер органын, кедендік одақ және салық органын қоса) болады – деп атап өтті Д.Азбергенов.
Бірыңғай қызмет көрсету орталығында визалық қолдау көрсету, көші-қон есебі, салық салу, кедендік істер, авторлық құқық, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және Қазақстан Республикасының радиожиілікті спектрін қолдану саласындағы қызметтер көрсетіледі.
Сондай-ақ «Қазкоммерцбанк» АҚ әріптесі тиісті банк қызметтерін ұсынады. Сонымен қатар, ресми қатысушылар Бірыңғай қызмет көрсету орталығында сақтандыру, логистикалық, консалтингілік, нотариалдық, аударма, сондай-ақ әуе кассалары және экспресс-пошта қызметтерін ала алады.
Іс-шараның келесі кезеңі Аккредиттеу орталығының тұсаукесері болды, оның жұмысы туралы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Операциялық басқару және тәуекел-менеджменті департаментінің директоры Маркен Ахметов хабардар етті.
«Аккредиттеу жүйесі ағымдағы жылдың желтоқсанында іске қосылды. Енді Көрме аумағында және жеке объектілерінде болғысы келетін барлық тұлғалар онлайн жүйеде тіркеліп, Қазақстанның құқық қорғау органдарында арнайы тексеруден өтуі тиіс. Бұл дайындық және өткізу кезеңінде барлық іс-шаралардың қосымша қауіпсіздігін қамтамасыз етеді» - деді М.Ахметов.
Аккредиттеу орталығының толық жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін аккредиттеу жүйелерін ұйымдастыру және іске қосудың халықаралық тәжірибесі қолданылды.
Тұсаукесер іс-шаралары аяқталғаннан кейін спикерлер БАҚ өкілдерінің қызығушылығын тудыратын барлық сұрақтарға жауап берді.
Халықаралық мамандандырылған көрме Астана қаласында 2017 жылғы 10 маусымнан бастап 10 қыркүйекке дейін өтетіндігін, оның барысында шамамен 5 миллион келу күтілетіндігін еске саламыз.
T. Кіршібаев