- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Экс-сутенерлер мен жезөкшелер...
Экс-сутенерлер мен жезөкшелер "Арт Спорт" бағдарламасы бойынша жұмыс істеген
Алты өңірде экс-сутенерлер мен жезөкшелер "Арт Спорт" бағдарламасы бойынша жаттықтырушы болып жұмыс істеген. Бұл туралы Мәжіліс отырысында депутат Нартай Сәрсенғалиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сәрсенғалиевтің айтуынша, елімізде осындай 20 дерек тіркелген.
"Art Sport бағдарламасы бойынша жыныстық қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар, притон ұйымдастырған және жезөкшелік жасаған адамдар жұмыс істеді. Бұл қалай? Бұрынғы жезөкшелер мен сутенерлерге балаларды қалай сене аламыз? Құзыретті органдар қайда қарады? Психологтар осы адамдар жаттықтырған балалармен жұмыс істеді ме? Балаларға бұрынғы жезөкшелер мен қылмыскерлер жаттықтырғанын қалай түсіндіруіміз керек?" - деді депутат.
Сұрақтарға Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің аға прокуроры Дулат Әшірбеков жауап берді. Оның айтуынша, секс-индустрияның бұрынғы қызметкерлері балалармен жұмыс істеген деректер Алматы мен Шымкентте, сондай-ақ, Қарағанды, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелген.
"Менің деректерім бойынша, Алматы мен Шымкентте бұл адамдар енді жұмыс істемейді. Басқа аймақтар бойынша қосымша жауап береміз. Олар денешынықтыру жаттықтырушылары болды", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова