Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты "Қазселденқорғау" бұрынғы басшысы Кәрім Көкірекбаевқа үкім шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сот мәліметінше, Көкірекбаев пен оның бұрынғы орынбасары аса ірі мөлшерде пара алды деп айыпталған. Ал үшінші адам, яғни ЖШС директоры аса ірі мөлшерде пара берді және ұрлау мақсатынсыз мүлік залалын келтірді деп айыпталған.
"К. мен А. лауазымды тұлғалар бола отырып, ЖШС директоры П.-мен сөз байласып, орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қою үшін одан аса ірі мөлшерде пара алған. Сондай-ақ, П. шын мәнінде орындалмаған құрылыс-монтаж жұмыстарының актілеріне қол қоюды ұйымдастырған", - деп жазылған хабарламада.
Осы әрекеттердің салдарынан мемлекеттік мекемеге 1 987 827 622, 63 теңге көлемінде залал келген.
Алқабилердің үкімімен Көкірекбаев пен оның бұрынғы орынбасары кінәлі деп танылды.
"Сот үкімімен К.-ға 12 жылға, А. мен П.-ға 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталғандар өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды", - деп жазылған хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова