Сот экс-шенеунік Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты Астана тұрғынын кінәлі деп таныды. Оған нақты жаза мерзімі тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот күдіктіні Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп таныған.
Оған 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Сот үкімі биыл 20 ақпанда шыққан және заңды күшіне енген.
Еске салайық, 2025 жылы 30 қазанға қараған түні Астанада Ержан Бабақұмаров қайтыс болды. Полицияның мәліметінше, экс-шенеунік соққыға жығылған.
Кейінірек қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша тергелді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова