Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаева ел алдына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дариға Назарбаева Алматыдағы іс-шарада көзге түсті. Ол марқұм Айсұлтан Назарбаевты еске алуға арналған футбол турниріне келген.
Бұл туралы журналист Сырым Итқұлов жазды.
Бұған дейін Дариға Назарбаева мен оның отбасы Кан қаласында (Франция) өткен кеште көзге түскен еді.
Видео Telegram-дағы каналдардың бірінде тарады.
Онда Дариға Назарбаева, ұлы Нұрәлі Әлиев пен оның әйелі Аида Әлиева, балалары Лаура, Амира мен Алан Кан қаласындағы қымбат іс-шарада жүргенін көруге болады.
Ашық дереккөздердің мәліметінше, бұл шараға қатысудың өзі арзан емес: кешке қатысамын деушілер екі адамға 33 мың еуро немесе 17,5 миллион теңге төлеуі керек.
Шарада әулеттің алты адамы жүр. Осылайша, Назарбаевтың қызы, немерелері мен шөберелері бір шараға қатысудың өзіне 52,6 миллион теңге берген болуы мүмкін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!