- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Экс-министр Тұрғымбаев екі...
Экс-министр Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды
Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана қаласының мамандандырылған тергеу соты 2024 жылдың 30 сәуірінде бұрынғы Ішкі істерминистрі Е.З.Тұрғымбаевқа қатысты екі ай мерзімге "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпаушарасын санкциялады.
ҚР ҚПК - нің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жариялауға жатпайды.
Еске салайық, бұған дейін Бас прокуратура 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларға байланысты қылмыстық істерді әлі де тергеп жатқаны хабарланған болатын.
29 сәуірде ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін (Қылмыстық кодекстің 362-бабы 4-бөлігі) Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібімін бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталған.
"Қылмыстық істе мемлекеттік құпия мәліметтер болуына байланысты соталды тергеп-тексерудің басқа деректері жарияланбайды", - деп жазылған хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина