- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Экс-министр Мұхамедиұлының ісіне...
Экс-министр Мұхамедиұлының ісіне қатысты тағы бір үкім шықты
Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты ҚР Ұлттық музейінің бұрынғы директоры, мәдениет және спорт экс-министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үкімді Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Кемеңгер Имашев жариялады.
Арыстанбек Мұхамедиұлының мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне өмір бойына тыйым салынып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды.
Еске салайық, бұған дейін сот үкімі бойынша Мұхамедиұлы аса ірі көлемде пара алуға әрекеттенгені үшін кінәлі деп танылған болатын. 2023 жылғы маусымда ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Осыны ескерген бұрынғы шенеунік ақыры мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды.
Оның әйелі пара беруге делдал болды деп танылып, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне тыйым салынып, 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Мұхамедиұлының адвокаты аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ ол 10 жыл мерзімге адвокаттық қызметпен айналысу құқығынан айырылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан