- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Экс-министр Мұхамедиұлының қымбат...
Экс-министр Мұхамедиұлының қымбат нысандары мемлекетке қайтарылмақ
Экс-министр Мұхамедиұлының 3,5 миллиард теңге болатын нысандары мемлекетке қайтарылмақ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.
Бас прокуратура мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру саласында тексеру жүргізді. Жекелеген жағдайларда мемлекеттік мүлікті сату заңға қайшы келетіні анықталды, сондықтан прокурорлар 4,8 миллиард теңгеден астам сомаға мүлікті мемлекет меншігіне қайтару туралы талап қойып, бастамашылық жасады.
Олардың біреуін сот қанағаттандырды.
"Мәселен, 2019 жылы бұрынғы Мәдениет министрі Мұхамедиұлымен үлестес жеке компанияның пайдасына 332 миллион теңгеге Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі іске асырылды. Алматы қаласында орналасқан кәсіпорын сатылғанға дейін 662 миллион теңгеге бағаланды", - делінген хабарламада.
Бұл ретте, мүліктік кешеннің нақты нарықтық құны 1,213 миллиард теңге болды, сомадағы айырмашылық кәсіпорынның ұзақ мерзімді активтерінің төмендеуінен көрінген.
Алматы прокуратурасының талап қоюы бойынша сот кәсіпорынды сатып алу-сату шартын жарамсыз деп таныды.
"Сонымен қатар Астана мен Алматыда прокурорлардың талабы бойынша бұрынғы Мәдениет министрі Мұхамедиұлымен байланысты компанияларға бұрын сатылған 3,5 миллиард теңгеден астам сомаға тағы үш объектіні мемлекет меншігіне қайтару туралы сот талқылаулары жүріп жатыр".
Еске салайық, биыл 29 ақпанда Арыстанбек Мұхамедиұлы төрт бап бойынша 11 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
- "Алтын адамның шеруі" көрмесін өткізу кезінде ақша жымқырғаны үшін;
- лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану;
- "Дипломат" қонақ үйіне байланысты рейдерлік әрекеттері үшін;
- пара беруге әрекет жасағаны үшін.
21 тамызда Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты үкім қайта қаралды. Алайда Астана сотының сот алқасы шағымдардың дәлелдерін зерделеп, процеске қатысушыларды тыңдап, қылмыстық істің материалдарын зерттеп, сотталғандардың кінәсінің дәлелденгені туралы сот қорытындыларымен келісіп, бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жоюға немесе өзгертуге негіз жоқ екенін мәлімдеді.
Қылмыстық істі қарауды 21 тамызда Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы жүргізді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина