Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха экс-министр Қуандық Бишімбаевқа тағылған ауыр айып қаралатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодестің 2 бабы бойынша жаңа айып тағылды. Енді Қуандық Бишімбаевтың ісі қарауға жіберіледі", - деді Игорь Лепеха
Мәжіліс кулуарында.
Айта кетейік, кеше экс-министр Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі("Азаптау"), Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлігі 5-тармағы ("Аса қатыгездікпен адам өлтіру") бойынша жаңа айыптар тағылған еді.
Аяз Есен
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!