Экс-министр Ильиннің ұлы белгілі компанияға басшылық қызметке келді

Бұрынғы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің ұлы Игорь Ильин KMG PetroChem ЖШС басқарма төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"KMG PetroChem ЖШС ("ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ еншілес ұйымы) басқарма төрағасы болып Игорь Ильин тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін Игорь Ильин Karabatan Utility Solutions ЖШС басқарма төрағасы қызметін атқарды. Әр жылдары "ОАЭК" АҚ және "Самұрық-Энерго" АҚ, "Қазақ мұнай және газ институтының ғылыми-зерттеу орталығы" ЖШС-да басшылық қызметтерде еңбек етті.

2012 жылы тағылымдамадан кейін Worley Parsons компаниясында еңбек жолын бастады. Компания - инженерлік қызмет, жобалау, өнеркәсіпте инновациялық тәсілдерді енгізу бойынша әлемдік көшбасшы. Қазақстан-Британ техникалық университетін "автоматтандыру және басқару" мамандығы бойынша бітірді.

Айта кетейік, Юрий Ильин - Төтенше жағдайлар министрлігін 2020 жылғы қыркүйектен 2023 жылғы маусымға дейін басқарды. Семей орманындағы алапат өрттен кейін Ильин министр қызметінен босатылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!