Экс-министр Біртанов жаңа қызметке тағайындалды

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Қазақстан кәсіподақтар федерациясы медиа орталығының директоры Гүлмира Қаракөзова мәлімдеді.

Қаракөзованың айтуынша, 13 наурызда Кәсіподақтар федерациясының кеңсесінде QazMed республикалық салалық медицина қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы төрағасының жаңа кеңесшісі таныстырылған. Ол - Елжан Біртанов.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!