Серікқали Брекешев "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Самұрық-Қазына" қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол газ жобаларының дамуына жетекшілік етеді.
Серікқали Брекешев 1972 жылы 14 қазанда Павлодар қаласында дүниеге келген. 1995 жылы Атырау политехникалық институтын "мұнай және газ кен орындарын игеру" мамандығы бойынша тәмамдаған.
Ол 2021 жылғы қыркүйектен 2023 жылғы қаңтарға дейін экология, геология және табиғи ресурстар министрі қызметін атқарған болатын. Оның орнына жаңа министр Зульфия Сүлейменова болды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!