Экс-министр Брекешев жаңа қызметке тағайындалды

Экс-министр Брекешев жаңа қызметке тағайындалды
Фото: gov.kz

Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалғаннан кейін Kazenergy басшысы қызметіне Серікқали Брекешев келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Kazenergy мәліметінше, Серікқали Брекешевтің мұнай-газ саласында және мемлекеттік қызметте көп жылдық тәжірибесі бар.

Айта кетейік, Болат Ақшолақов Kazenergy-ді 2025 жылғы ақпаннан бастап басқарып келген еді.

"Еліміздің жетекші энергетикалық компанияларының басшылары Болат Ақшолақовқа бірлескен жұмыс пен Kazenergy-дің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтты", - деді компания өкілдері.

Айта кетейік, Серікқали Брекешев 1972 жылы 14 қазанда Павлодар қаласында дүниеге келген. 1995 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау политехникалық институтын "Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1995 жылы коммерциялық құрылымда экономист болып бастаған, кейін Ақтау қаласының салық бөлімінде, "Маңғыстаумұнайгаз" және "Қарақұдықмұнай" компанияларында жұмыс істеген.

Әр жылдары Энергетика және минералды ресурстар министрлігінде, Мұнай және газ министрлігінде, сондай-ақ, "ҚазТрансГаз" АҚ-да басшылық лауазымдар атқарған.

2020 жылғы наурыздан 2021 жылғы қыркүйекке дейін экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі, кейін 2021 жылғы қыркүйектен 2023 жылғы қаңтарға дейін осы ведомствоның басшысы болды.

2023 жылғы ақпаннан 2025 жылғы сәуірге дейін "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасының газ жобаларын дамыту жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget