Астанада Салтанат Нүкенованың ісі бойынша "Гастро-орталық" директоры қамауға алынды. Бұл туралы полицейлер мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Директор қылмысты жасырды деген күдікке ілініп отыр.
"БАУ" мейрамханасындағы әйелдің өлімін тергеу аясында "Гастро-орталық" директорына 2 айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды", - делінген хабарламада.
Тәртіп сақшылары тергеуді жалғастырып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін экс-министр Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінгені хабарланды.
Бұрынғы ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаев бұған дейін де істі болған. Ол 2018 жылғы наурызда 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол пара алу және ақша жымқыру істерінде айыпты деп танылған еді.
Бишімбаевтың сот ісі төрт айдан аса уақытқа созылды. Онымен бірге бұл істе 22 адам сотқа тартылған еді. Олар "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ экс-қызметкерлері, кәсіпкерлер және құрылыс компанияларының өкілдері болды.
Кейін экс-шенеунік 10 жылға сотталса да, тура 19 ай өткенде бостандыққа шықты.
мызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!