Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевқа қатысты тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астанада өткен брифингте Антикордың ресми өкілі Данияр Бегайдаров 3 наурызда қылмыстық іс сотқа жолданғанын айтты.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы әділет министрі Бекетаев пен басқа да тұлғаларға қатысты аса ірі көлемде қаржы жымқыру, алаяқтық және кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу деректері бойынша тергеуді аяқтады. 3 наурызда қылмыстық іс сотқа жолданды", - деді ол.
Еске салайық, Марат Бекетаев 2023 жылғы қазанда ұсталған болатын. Астана соты экс-министрді қамауда ұстау мерзімін бірнеше рет ұзартты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова