Нұрлан Байбазаров Президент әкімшілігінің Инвестициялар және сауда бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Инвестициялар және сауда бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, 2024 жылғы желтоқсанда Нұрлан Байбазаров премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі қызметінен босатылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!