- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Экс-министр Асхат Оралов...
Экс-министр Асхат Оралов желіде қоштасу жазбасын жариялады
Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов әлеуметтік желіде қоштасу жазбасын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол қызметтес болған әріптестеріне алғыс айтты.
"Мәдениет және спорт министрі ретіндегі қызметімді аяқтай отырып, Мемлекет басшысына көрсеткен сенімі үшін алғысымды білдіргім келеді. Сондай-ақ, мен өзімнің әріптестеріме - өз ісінің нағыз мамандарына алғыс айтқым келеді, олармен бірге осы уақыт бойы жұмыс істеу мәртебесіне ие болдым.
Мәдениет, спорт, туризм, архив және кітапхана саласының барлық қызметкеріне ерекше алғыс айтқым келеді. Өте жауапты әрі маңызды қызметіңіз үшін, қолдау, кері байланыс, ашықтық және орынды сын үшін рахмет.
Осы бірнеше айдың ішінде біз үлкен жұмыс атқардық, оның нәтижелерін болашақта көретініміз сөзсіз. Барлық әріптесіме сәттілік тілеймін. Сіздердің күш-жігерлеіңізбен отандық спорт, мәдениет және туризм жаңа биіктерге көтерілсін, ал біз алға қойған мақсаттар міндетті түрде жүзеге асырылсын", - делінген жазбада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ал әлеуметтік желі қолданушылары министрдің алдағы жұмысына табыс, сәттілік тілеген.
Айта кетейік, бұған дейін Президент бірнеше министрді қызметінен босатқаны хабарланған еді.
Кейінірек Аида Балаева мәдениет және ақпарат министрі қызметіне тағайындалды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова