Экс-депутат Ринат Зайыт жаңа қызметке тағайындалды

Экс-депутат Ринат Зайыт жаңа қызметке тағайындалды
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Бұрынғы депутат, танымал айтыскер ақын Ринат Зайыт қазір қай салада қызмет етіп жүргені белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Adal Adam YouTube арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

"Қорғаныс министрлігінің жанында Ұлттық әскери-патриоттық орталық деген ұжым бар. Қорғаныс министрлігіне қарасты ансамблі бар, оркестрі бар, патриоттық-әскери іс-шараларды, мәдени жұмыстарды ұйымдастыру бар. Жас сарбаздардың патриоттық қалпын, олардың отансүйгіштігін арттыруын қадағалайтын бірден-бір орталық. Қазанның басында жаңа қорғаныс министрінің шақыртуымен сол жерге келдім", - деді ол.

Экс-депутаттың сөзінше бұл салада реформалар басталған.

"Мемлекет басшысының Қорғаныс саласына түбегейлі реформа жасаңдар деп тапсырған реформасы басталды. Жаңа өзгерістерге қатысуды жақсы көретін адам ретінде қуана-қуана келдім. Реформаның кішкентай бір бөлшегіне атсалыссам деген арманмен келдім", - деді Ринат Зайыт.

Еске салайық, ол 2023 жылғы 28 наурыздан бастап Парламент Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты болды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget