- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Экс-депутат Нұржан Әлтаев...
Экс-депутат Нұржан Әлтаев аса ірі көлемде пара алған деген күдікке ілінді
Бұрынғы Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев аса ірі көлемде пара алған деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлері Нұржан Әлтаевтың аса ірі көлемдегі пара алды деген күдікпен ұсталғанын растады.
"Оның аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталғанын растаймыз. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы бойынша жарияланбайды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, 2020 жылғы қарашада Әлтаев партияның беделін түсіргені үшін "Нұр Отан" (қазіргі Amanat) партиясынан шығарылған еді.
Айта кетейік, Нұржан Әлтаев Парламент Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты болды, сонымен қатар, аграрлық мәселелер жөніндегі комитеттің мүшесі болды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек