Экс-депутат Мақсат Толықбай жаңа қызметке тағайындалды

Экс-депутат Мақсат Толықбай жаңа қызметке тағайындалды
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметінен

Мәжілістің бұрынғы депутаты Мақсат Толықбай жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Диас Нұрақын мәлімдеді.

"Мақсат Толықбай Алматы облысы әкімінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды. Экс-мәжілісмен енді біздің өңірді дамытуға атсалысады. Депутат болып жүргенде де Алматы облысы туралы жиі айтып, жазып жүретін", - деді ол.

Айта кетейік, Мақсат Толықбай 2023 жылы Парламент Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты болып сайланған еді. Бұған дейін бірқатар БАҚ-та қызмет атқарған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget