- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Экс-депутат Мәди Ахметов...
Экс-депутат Мәди Ахметов жаңа қызметке тағайындалды
Алматы облысы әкімінің өкімімен Мәди Ахметов Алматы облысы жастар саясаты мәселелер басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
Мәди Ахметов әр жылдары Nur Otan партиясы жанындағы Jas Otan жастар қанатының Алматы қалалық филиалының төрағасы, Халықаралық бизнес университетінің Қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің тәрбие жұмысы жөніндегі деканның орынбасары, Nur Otan партиясы жанындағы Jas Otan Жастар қанатының Алматы қалалық филиалының төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты лауазымдарын атқарған, Алматы қаласының жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорында штаттан тыс кеңесшісі ретінде қызмет атқарған.
Еске салайық, экс-депутат Мәди Ахметовтің Алматы облысы жастар саясаты басқармасы басшысы лауазымына тағайындалатыны туралы ақпарат қыркүйекте тараған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек