- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Экс-депутат Ғалымжан Елеуов...
Экс-депутат Ғалымжан Елеуов Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болды
Ғалымжан Елеуов Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің келісімімен Ғалымжан Елеуов Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Ол 1978 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген, білімі жоғары, медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.
2001 жылы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина академиясын, 2008 жылы Астана қаласындағы Қазақ мемлекеттік заң академиясын, 2011 жылы Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебін бітірген.
Еңбек жолын Ақтөбе қалалық емханада қарапайым дәрігерден бастап, бас дәрігердің орынбасары лауазымына дейін көтерілген.
2010-2021 жылдары Ақтөбе, Астана қалаларындағы жеке оңалту медициналық орталықтарының директоры қызметтерін атқарды.
2021 жылдың қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 7, 8-шақырылымдарындағы депутаты болды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова